Шынболат Ділдебаев - Шындық толғауы

Автор
Ayan_
Відключити рекламу
Баррэ:F#m,Bm,C#7. Без Баррэ:Em,Am,B7
 
Шынболат Ділдебаев.
Аккорд:Аян Тайсойған.
 
F#mСөйле, тілім, алаңдама, тартынба!
BmНайзағайдай шындықты айтып жарқылда!
F#mҚалай ғана өмір сүрдім дей алам,
C#7 F#mБір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!
 
F#mЗаман қалай, адам қалай өзгерді,
BmӨзгергенді, шүкір, қазір көз көрді.
F#mАрың менен ақиқаттың алдында,
C#7 F#mШындықты айтып шыңғыратын кез келді!
 
F#mАйтса нанар момын халық едік қой,
BmСенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
F#mХалқымыздың қамын жеген ұлдарын,
C#7 F#mО ғаламат халық жауы дедік қой.
 
F#mКүңі болған, қазағымды сорлаған,
BmҚасиеттің қара рухын қорлаған.
F#mЕшқашанда тарихымда даламның,
C#7 F#mКешегіндей ұрыс-керіс болмаған!
 
F#mСеніп өскен халық едік малына,
BmМалын алса, қайтсін халық налымай?!
F#mАмерика, Түркияға, Қытайға,
C#7 F#mЖетіскеннен шашылдық па тарыдай?
 
F#mӘке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
BmАғайыннан алыс кетті арамыз.
F#mҮш миллиондай аштан өлген бабамыз,
C#7 F#mҚалғанымыз қайда кетіп барамыз?,
 
F#mШұбар ала болып кетті тілдерің,
BmАйтатұғын келді бүгін күндерің.
F#mТілің кетсе үнің қоса кетерін,
C#7 F#mҚайран елім қайдан ғана білмедің?!
 
F#mОн бір тілде сөйлегенде таң қылып,
BmАна тілді білмеу қандай заңдылық?!
F#mӨсер балаң,жалпақ далаң жатқанда,
C#7 F#mҚазақ тілі жасау керек мәңгілік!
 
F#mАуруыңда бірте-бірте асқынған,
BmҚара ниет асып кетті қасқырдан.
F#mҚай бабаның дәстүрінде бар еді,
C#7 F#mАта-анасын бөтен қолға тапсырған?!
 
F#mАзаматтар қол бастаған қаһарман,
BmАлькоголдің арбауына шаталған.
F#mБұл заманның Қобланы мен Қамбары,
C#7 F#mОқ тимей-ақ шығып жатыр қаһардан.
 
F#mНадандықтың биігінен аспадық,
BmҚұдайдыңда таза жолын тастадық.
F#mМас күнемдік ұлдар түгіл қыздарың,
C#7 F#mОл аз болса наша шеге бастадық.
 
F#mСәл кідіріп ойлаңдаршы әріден,
Bn
Қанша сәби өлді улы кәріден.
F#mҚыздарымыз үйде отырып жүкті боп.
C#7 F#mТірі жетім көбейді ғой бәрінен.
 
F#mОқымаған,биікте еді бабамыз,
BmОқыдық қой неге саяз санамыз?!
F#mАсқынды ғой,асқынды ғой жарамыз,
C#7 F#mЕй бауырым қайда кетіп барамыз?!
Повідомити про помилку
Відео
 Додати відео
0 коментарів