JanSax - Камажай

Автор
Lkj Jkl
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі?
 
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
 
2-шумақ:
Қолында Қамажайдың алтын жүзік.
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп?
Көрмесе, жарты сағат тұра алмаушы ед.
Апырмай, кетті ме екен күдер үзіп?
 
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
 
3-шумақ:
Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса, көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.
 
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
 
4-шумақ:
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Монына үкі-тұмар тағып жүрсе,
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.
 
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
 
 
 
Аккорды:Cm,Bm,B
Бой: бой галоп в ритм
 
В начале басында камажай Cm
Играем 2 раза в ритм потом на остальное Bm и B
Так и играем
Повідомити про помилку
Відео
 Додати відео
0 коментарів