Лəңгі
Куплет (Am F C E)
Қайырма (Am Dm E)
AmКез қайда асық атып, ләңгі ойнаған
FДоп теуіп, тезек теріп, арба айдаған
CАпыр-ай түсінбеймін осы неге
EМәңгілік бала болып қалмайды адам
E AmЕсейген қандай жаман
AmПарталас құрбы қайда сыныптағы
FДос қайда шұрық тесік шұлықтары
CСолармен асыр салып ойнар едім
EАлдымнан бір шықса ғой күліп тағы
E AmКетті ғой құрып бәрі
Қайырмасы:
Am DmАл қазір сол қызықтың қайда бәрі
E AmІшімді өртеп барады қайғы алауы
Am DmСағынады адамдар өткен шағын
E AmҚазіргі түрін көрсе айнадағы
AmКеше мен ғашық болған сұлу қайда
FЖүрегім ол жымиса жылынбайма
CОл ару маған қайтып жолықпайма
EБасқалар оған енді қырындайма
E AmОл кездер бұрылмайма
AmБір нанды досым қайда бөліп жеген
FШырқайтын дастарханда көңілді өлең
CЕсігін қақпай кіріп тар үйімнің
EОтыратын едім ғой төрінде мен
E AmӨтті ғой өмір деген.
Відео
Додати відео