aro (chernovik) - Qaiyqta

Автор
A Lee
Відключити рекламу
Dm FБолсақтағы жаңа таныс,
Gm A DmЖүзcек те алғаш қайықта.
Dm A#Ұшқыр қиял кетті-ау алыс,
C F AБұйырмашы айыпқа.
 
A#Самал болар толғандырған,
C FАйдын шалқар көл бетін.
Gm C FСәулем, мені ойландырған,
Gm A DmСенің жарқын келбетің.
 
 
Көлдің жүзін нұрландырып,
 
Тұр ма сенің дидарың.
 
Сол бейнеңді тұрған күліп,
 
Су бетіне қимадым.
 
 
Ескегіңді берші маған,
 
Мен есейін, сен еспе.
 
Су күлкісі сылдырлаған,
 
Сенің күлкің емес пе?
 
 
Ашылғандай айдын көлде,
 
Үлкен өмір есігі.
 
Су бетінде қайық бейне,
 
Махаббаттың бесігі.
 
 
Жылжы қайық, осы көлде,
 
Жыр толтыршы жаныма.
 
Махаббаттың бесігінде,
 
Тербелейік тағы да.
Повідомити про помилку
Відео
 Додати відео
0 коментарів