Жандос Қаржаубай - Бақытың қаншадан

Автор
Mey1rbek_
Відключити рекламу
Жандос Қаржаубай - Бақытың қаншадан?
 
Тональность: Ля минор (Am)
 
Am1. Өмірде кем сүрме артық керек емес
Dm Сағынып жүрсің бе? Ол сені елемес.
F Тамшысы тағдырдың тамған жер бетіне
Dm E Сол жерде қап қойған тек жалғыз сен емес.
 
Am2. Өмірді қиындатпа жақсы жол табылар
Dm Санаңды құйындатпа жан болсаң бағы бар.
F Армандар алдамайды, арбайды тек қана
Dm E Бұл өмір сынақ саған сыйыңды қабыл ал.
 
ҚАЙЫРМАСЫ
Dm EТитықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Am FБақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
DmКөгіне көтермейтін
FҚарызың өтелмейтін
E AmЕй өмір бақытың қаншадан?
 
Dm EКезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Am FПенделер шыдамаған шаттықты-ай аңсаған
DmТұсаудай кесілмеген
FШынжыры шешілмеген
E AmЕй өмір бақытың қаншадан?
 
Am3. Бақытсыз барлығы бақытсыз тағдыры
Dm Жауғандай аспаннан жүректің жаңбыры
F Күдіксіз көздерде үмітсіз арман бар
Dm E Сүйер ем әлемді сейілсе жан мұңы
 
Am4. Алданған көңілдер жалғанған қапалы
Dm Жалғанған жолдарда сезімдер жатады
F Тағы не сатылған тағы кім аһ ұрған?
Dm E Бақытың ақ таңы қай кезде атады?
Повідомити про помилку
Відео
 Додати відео
0 коментарів