Ғазизхан Шекербеков - Мен сені сағындым

Author
Ba._.hages   and  
Remove Ads
|Intro|
Cm F A# D#
 
|Verse 1|
Cm Қарғам-ау, хат-хабарсыз қайда кеттің?
FСен бәлкім бұлттан асып, айға жеттің!
A#Өзіңді аңсауменен,
Бақытты болсам деген,
D#Ойымды ойда жоқта ойран еттің.
CmҰзатпай келуші еді құс-хаттарың,
FҰштың да қарлығаштай ұстатпадың.
A#Күн өтті сағат бойлап,
Арқама қанат байлап,
D# DАртыңнан қуып жетер күш таппадым.
 
|Chorus|
CmМен сені сағындым!
FКелмей ме қасымнан табылғың?
A#Көркіңді көруге зәрумін!
D#Көрінбей кетердей нәғылдым?
CmМен сені сағындым,
FСарсаңға салдың-ау, қадірлім!
 
A#Кешегі күндермен ауырдым,
D#Ертеңгі күндерден тәуірмін.
DАл өзің сағындыңба?
 
|Verse 1|
Cm Айнала шомылғанда ай нұрына,
FАққудай қонбайсың ба айдыныңа?
A#Мен сені сүйер едім,
Сен мені дүниенің,
D#Кетсең де айырбастап байлығына!
CmКөзіңнен түпсіз терең теңіз көрем,
FӨзіңнен үмітімді мен үзбегем.
A#Шөлдесең тілегіме,
Ұядай жүрегіме,
D# DКелерсің көгершіндей жем іздеген.
 
|Chorus|
CmМен сені сағындым!
FКелмей ме қасымнан табылғың?
A#Көркіңді көруге зәрумін!
D#Көрінбей кетердей нәғылдым??
CmМен сені сағындым,
FСарсаңға салдың-ау, қадірлім!
A#Кешегі күндермен ауырдым,
D#Ертеңгі күндерден тәуірмін.
DАл өзің сағындыңба?
Still looking for the right chords?
Check out 2 other available versions of this song.
Suggest a correction
Video
 Add a video
2 comments