Абай Құнанбаев - Желсіз түнде жарық ай

Remove Ads
Bm B G BmЖелсіз түнде жарық ай,
G B G GСәулесі суда дірілдеп,
G B G BmАуылдың жаны терең сай,
Bm G Bm Cm BmТасыған өзен күрілдеп.
 
 
Bm B G BmҚалың ағаш жапырағы
G B G GСыбырласып өзді-өзі,
G B G BmКөрінбей жердің, топырағы,
Bm G Bm Cm BmҚұлпырған жасыл жер жүзі.
 
 
Bm B G BmТау жаңғырып, ән қосып
G B G GҮрген ит пен айтаққа.
G B G BmКелмеп пе едің жол тосып
Bm G Bm Cm BmЖолығуға аулаққа?
 
 
Bm B G BmТаймаңдамай тамылжып,
G B G GБір суынып, бір ысып,
G B G BmДем ала алмай дамыл қып,
Bm G Bm Cm BmЕлең қағып, бос шошып.
 
 
Bm B G BmСөз айта алмай бөгеліп,
G B G GДүрсіл қағып жүрегі,
G B G BmТұрмап па еді сүйеніп,
Bm G Bm Cm BmТамаққа кіріп иегі
Suggest a correction
Video
 Add a video
1 comment