A C#m B
Шумақ:
Төзімді боламын деп ем
Әрбір тағдырдың сынағына,
Әлі де сүрініп келем -
Амалым бар ма, бар ма...
Сенімім жоқ енді мүлде,
Босқа үміттенудің керегі не?
Шегіне жеткенін сезем,
Еріксіз төзем...
Қайырма:
Әрбір таңымды атырғаннан -
Айналамда толған
Өтірік пен жалған.
Сенімім енді кімде?
Шумақ:
Бөлмемнің іші қараңғы,
Үзілген жарық
Денеме жансыз тарайды
Керегін алып,
Жіпсіз байланған екі қолым,
Шешімін оның
Адасып жүріп тапқанменен
Сенбеймін көмектесеріне.
Төзімді боламын деп ем,
Күдерімді үзем,
Үземін
Қайырма:
Әрбір таңымды атырғаннан
Айналамда толған
Өтірік пен жалған.
Сенімім енді кімде?
Бридж:
Керек емес енді
Төзімім сөнді.
Қүдеріңді үз енді
Күмәнді ертеңі.
Керек емес енді
Қүдеріңді үз енді
Күмәнді ертеңі
Қайырма:
Әрбір таңымды атырғаннан
Айналамда толған
Өтірік пен жалған.
Сенімім енді кімде?
Video
Video hinzufügen