Bagi - Ромео мен Джульетта

Werbung entfernen
Оригиналда E орнына F
 
 
AmБілесің бе, сен жайлы жазар ем роман,
GБірақ қайдам, келер емес қолдан.
FЖарты жылдан аяқталған махаббат,
E“Romeo & Juliet” деп аталады.
 
 
AmТек қана сені сүйіп, өзгелерді ұмытып,
GШырайлы жаз артынан күз келеді суытып.
FЖүректі жылытып өткеннен бейнебаян,
EШаң басқан парақтарды ақтарып кейде қоям.
AmЕсті жина, оян, айналада қыздар көп,
GБілемін, көп екен, сендей сұлу мүлде жоқ.
FМүмкін мен қателестім, қыздардың бәрі сұлу,
EМаған керек сезім, жүрекке керек жылу.
AmҚайда сол SMS-тер келетін ұялыма,
GШектеуді қоя алмаймын тым ұшқыр қиялыма.
FКелейін үй алдына, сәл ғана уақыт бөлші,
EАшуға берілмеші, маздамай, жанып сөнші.
AmМазаңды алмаймын деп ең соңғы рет сөз бердім,
GҚанша рет тырыссам да, сүйемін, қайтып келдім.
FЖүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді,
EҒашық болған пенде сезім үшін не етпейді.
 
 
Қайырмасы (x2):
AmБілесің бе, сен жайлы жазар ем роман,
GБірақ қайдам, келер емес қолдан.
FЖарты жылдан аяқталған махаббат,
E“Romeo & Juliet” деп аталады.
 
 
Куплет 2:
AmТоздырдым жолдарды бағытталған бақытқа,
GӨзіңді күтуменен ұтылдым да уақытқа.
FСәл ғана шаттыққа апаратын жол қайда,
EЖалғыз боп ғұмыр кешу – мен үшін зор қайғы.
AmТүбінде қосылмаймыз, көзім анық жетеді,
GМенде болған көңіл ұмытылып кетеді.
FМахаббат көрінбейді, неліктен оны сеземін?
EБасында мен қинадым, ал енді сенің кезегің.
AmӨте күрделі ойын, жеңімпазы белгісіз,
GЕртегі аяқталды, сене алмаймын, сенгісіз.
FБостандық боз баласы жүрегіңе жол таппады,
EМүмкін сен күтудесің ханзаданы ақ аттағы.
AmМүмкін тақтағы жасы жеткен ханыңды,
GСыйла оған, сыйла нәп-нәзік тәніңді.
FБасыңды буландырды дүниенің сағымы,
EОлар саған байлық, мен берер ем жанымды.
Fehler melden
Video
 Video hinzufügen
1 Kommentare