Gm G Gm GМенің үніме құлақ түр, елім,
Gm G Cm GmБəрі,бəрі де сынақ білемін.
Gm GӨмір жайында ойлана қалсам,
Cm Gm G GmЕссіз адамдай жылап-күлемін.
Gm G Gm GЖүрміз өлместей өмірге келіп,
Gm G Cm GmЖалғанның жайлы төрін де көріп.
Gm GБасыңа жауған бақыттың қары,
( Cm Gm )x3 G GmТүседі-ау, бір күн көңілден еріп.
Gm G Gm GҚамшының қысқа сабындай ғұмыр,
Gm G Cm GmҚұшағы — алма бағындай жұмыр.
Gm GБайлығыңменен байлай алмассың,
Cm Gm G GmАсау тағдырың бағынбайды бұл.
Gm G Gm GМəңгілік емес жалған бəрі де,
Gm G Cm GmБіз татқан қиял, арман дəмі де.
Gm GКəрілік келер қалған өмірің,
( Cm Gm )x3 G GmБайланып жіпсіз қалған дəріге.
Gm G Gm GКетер əкең де анаңда кетер,
Gm G Cm GmКеткенше саған алаңдап өтер.
Gm GТірі кезінде құрметте бəрін,
Cm Gm G GmӨкпелегенше заманға бекер.
Gm G Gm GБермес ешкімге тіршілік баға,
Gm G Cm GmТатымас тағдыр бір шыбыққа да.
Gm GАнау өмірге апаратының,
( Cm Gm )x3 G GmҚұдайға қылған құлшылық қана.
Gm G Gm G«Шіркін» таусылса » əттеңің» ғана,
Gm G Cm GmСалқын күндердің сəттерін қара.
Gm GЖалғаннан жалғыз алатын еншің,
( Cm Gm )x3 G GmБір-екі метр ақ кебін ғана…
Gm G Gm GСыналар өмір өтінде күшің,
Gm G Cm GmБай адам мықты секілді ел үшін.
Gm GЖер бетін ешкім жаулай алмайды,
Cm Gm G GmЖер жаулап алар бетіндегісін.
Gm G Gm GЖетер Алладан үкім алдағы,
Gm G Cm GmПенденің өлмеу бүкіл арманы.
Gm GАйтып келмейтін ажал құрғырдан,
( Cm Gm )x3 G GmҚорқыттың өзі құтыла алмады…
Gm G Gm GҚалар артыңда жаңғырық, елес,
Gm G Cm GmƏрбір адамның тығдыры белес.
Gm GБəріне мəңгі өмір тілер ем,
Cm Gm G GmӨмірде бəрі мəңгілік емес!
Video
Video hinzufügen