Табылды Досымов - Ақан серіге

Remove Ads
Am Жастық атты жүргенде дүрбелеңмен,
Dm Аруларға ғашық боп қызғанарлық.
E "Таң асып торыны" мінбегенмен,
Am "Қылаңдарға" таксилеп біз де бардық.
 
Am Шығамын деп сәлемін жолдағанмен,
Dm Шықпай қалып жүректі сыздатқан қыз.
E Сіздікіндей көк бұйра болмағанмен,
Am Көсіп-көсіп шақшадан біз де атқанбыз.
 
Am Жел өтінде желіккен Табылды аяп,
Dm Түнеріп ап қабағын мұң басқан күз.
E "Екеу ара бір шапан жамылмай-ақ",
Am Бір қол шатыр астында сырласқанбыз.
 
Am Келешектің біз келіп елесін көп,
Dm Орындалып ойдағы арман-ісім.
E "Енді қашан ағажан келесің?" – деп,
Am Әлгі арудың жәудіреп қалғаны шын.
 
Am Шақшамды алып, тағы бір көсіп, күліп,
Dm Жыр құрадым баяғы ақындардай.
E Таң алдында трамвай тосып тұрып,
Am Қиналғаным болмаса атым болмай...
Suggest a correction
Video
 Add a video
0 comments